22.12.2006, 13:29 2570

"Отан" партиясы мемлекеттік тілге сұраныс туатын салалардың аясын кеңейтуді қолдайды

АСТАНА. 22-желтоқсан. Kazakhstan Today. Республикалық "Отан" саяси партиясы мемлекеттік тілге сұраныс туатын салалардың аясын кеңейтуді қолдайды. Бұл туралы бүгін Республикалық "Отан" саяси партиясының кезектен тыс оныншы сьезінде сөз сөйлеген партия төрағасының міндетін атқарушы Бақытжан Жұмағұлов мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Барлық партиялық ұйымдар мен партия мүшелері жаппай мемлекеттік тілді білу мен оны насихаттауды өздерінің ең асқақ жауапкершілігі деп түсінуге тиіс",- деді Б.Жұмағұлов.

Оның айтуынша, "жуырда әлеуметтік зерттеулер институты жүргізген зерттеулер қорытындысы орыс тілінде сөйлейтін тұрғындардың қазақ тілін пайдалану мен оны оқып үйренуге дайын екенін растады". "Бірақ оған кедергі келтіріп отырған факторлар да анықталды: тіл саясатының мемлекет тарапынан айқын жоспарланбауы, қазақ тілін шетел немесе екінші тіл ретінде оқытуға қажетті заманауи әдістемелік базаның жоқтығы осындай факторлар",- деді Б.Жұмағұлов.

Ол сонымен бірге "қазақ тілін оқып үйрену және оны таратумен шұғылданатын қазақ тілі институтының күні бүгінге дейін жоқтығын" ерекше атады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны