30.11.2006, 10:18 3879

"Отан" партиясының кезектен тыс съезі Астанада 22 желтоқсанда өтеді

АЛМАТЫ. 30 қараша. Kazakhstan Today. Республикалық "Отан" саяси партиясының кезектен тыс съезі Астанада 22 желтоқсанда өтеді. Онда Қазақстанның Азаматтық және Аграрлық партияларының отандықтардың қатарына қосылуы туралы шешім қабылданады. Бұл жөнінде кеше "Хабар" телеарнасының тікелей эфирінде "Отан" саяси кеңесінің мүшесі, парламент сенатының депутаты Анатолий Башмаков мәлімдеді.

"22 желтоқсанда Астанада кезектен тыс съезд өткізу туралы шешім қабылданды, онда бірігу процедурасы өткізіліп, саяси кеңес және саяси бюроның құрамына алдын -ала сайлау өтеді",-деді А.Башмаков.

Сонымен қатар, съезде бірлескен партияның атауы бекітіледі. А.Башмаковтың айтуынша, осындай ұсыныстар Азаматтық және Аграрлық партиялардың съезінде айтылған. "Біз бұл ұсыныстарды қарастырып жатырмыз, меніңше 22-желтоқсанда өтетін съезд барысында пікірталас жалғасады",-деді ол.

А.Башмаковтың пайымдауынша, бірлескен партия "Нұр Отан" халықтық-демократиялық партиясы, деп аталуы керек. Сенатор "Отан" партиясы бұрыннан халықтық партия , ол мүшелерінің санына байланысты емес, әйтседе қазір бұл үлкен күшке айналды, халықтық болуына оның құрамы себеп, дейді. "Илеуметтік, жастық және ұлттық құрамына байланысты , партия халықтық боп саналады",-деп атап өтті ол.

"Отан"партиясы Қазақстандағы мүшесі ең көп саяси күш санатында. "Асар","Азаматтық" және "Аграрлық" партияларының қосылуы нәтижесінде мүшелер қатары 1 млн. адамға жуық болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны