04.07.2006, 12:24 2938

“Отан” және “Асар” партияларын біріктіру мәселесі “Отан” партиясының кезектен тыс сьезінің күн тәртібіне енгізілді

АСТАНА. 4-шілде. Kazakhstan Today. “Отан” және “Асар” партияларын біріктіру мәселесі “Отан” партиясының кезектен тыс сьезінің күн тәртібіне енгізілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

“Асар” партиясының сьезінде біздің партиямен бірігу туралы шешім қабылданды. Біздің партиялар бұған дейін де бірлесе жұмыс жүргізуден тәжірибе жинақтаған. Біздің ұстанымдарымыз біртіндеп жақындап келеді. Ортақ мақсаттарымыз бен жақын саяси тұғырнамамыз бірігуге жағдай туғызады”,- деп мәлімдеді “Отан” партиясының кезектен тыс сьезінде сөз сөйлеген партия төрағасының міндетін атқарушы Бақытжан Жұмағұлов.

“Отан” және “Асар” партияларын біріктіру мәселесі Б.Жұмағұловтың ұсынысымен кезектен тыс сьездің күн тәртібіне енгізілді. Қазір партияның сьезі одан әрі жалғасуда.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны