09.04.2012, 10:19 3468

Отандастарымыз Қырғызстанда өз өнімдерін таныстыруда

Химия, құрылыс, фармацевтика, тамақ өнімдері сияқты салаларда жұмыс істейтін 17 кәсіпорын Қырғызстанға тауарлар жеткізу мүмкіндігі туралы әлеуетті сатып алушылармен келіссөздер жүргізуде, деп хабарлады "KaznexInvest" агенттігінің баспасөз қызметінен.

Астана. 9-сәуір. Kazakhstan Today - Бішкекте қазақстандық тауар өндірушілердің сауда миссиясы өтуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл шараны ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Экспорт және инвестициялар жөніндегі "KaznexInvest" ұлттық агенттігі ұйымдастырып отыр.

Химия, құрылыс, фармацевтика, тамақ өнімдері сияқты салаларда жұмыс істейтін 17 кәсіпорын Қырғызстанға тауарлар жеткізу мүмкіндігі туралы әлеуетті сатып алушылармен келіссөздер жүргізуде, деп хабарлады "KaznexInvest" агенттігінің баспасөз қызметінен.

2011 жылы Қырғызстанға экспортталған қазақстандық өнімдердің көлемі 2007 жылмен салыстырғанда 1,5 есеге: 355,1 млн. доллардан 508,3 млн. долларға дейін ұлғайды. Оның ішінде аталған кезеңде өңделген өнімдердің экспорты 45% өсті. 2011 жылы Қазақстан көрші республикаға негізінен химия және тамақ өнеркәсібі салаларының өнімдерін экспорттады.

Отандық өнімдер үшін өткізу нарығын іздеу - ұлттық экспортты дамыту тетіктерінің бірі. "KaznexInvest" агенттігі 2009 жылдан бері Қытай, Корей, Түркіменстан, Тәжікстан, Ресей, Румыния, Грузия, Изірбайжан, Иран, Үндістан елдерінде 14 сауда миссиясын ұйымдастырды. Ал ағымдағы жылы агенттік Моңғолия, Тәжікстан, Ресей, Қытай, Шығыс Еуропа елдерінде сауда миссияларын өткізуді және отандық өндірушілердің тауарларын таныстыруды жоспарлап отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны