09.07.2007, 12:31 2811

Өткен сайлаумен салыстырғанда "Сайлау" жүйесі орнатылған сайлау учаскелерінің саны 5%-ке артты

АСТАНА. 9-шілде. Kazakhstan Today. Өткен сайлаумен салыстырғанда "Сайлау" электронды дауыс беру жүйесі орнатылған сайлау учаскелерінің саны 5%-ке артты. Бұл туралы бүгін Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов семинар-кеңесте құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"2005 жылғы президент сайлауында электронды дауыс беру тәсілі 1447 сайлау учаскесінде пайдаланылған. Электронды дауыс беру жүйесін біртіндеп енгізу жөніндегі нұсқауға сәйкес ОСК 1520 сайлау учаскесінен тұратын тізімді бекіткен, оларда "Сайлау" электронды дауыс беру жүйесі қолданылады. Сөйтіп, электронды дауыс беру жүйесі орнатылған сайлау учаскелерінің саны 5%-ке артты", - деді Қ. Тұрғанқұлов.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны