02.07.2010, 15:19 2746

Отунбаева 2011 жылға дейін Қырғызстанның өтпелі кезеңінің президенті болып ресми түрде тағайындалды

"Референдум нәтижесі жария етілді, бұл жаңа конституция күшіне енді деген сөз. Отунбаева 2011 жылдың 31-желтоқсанына дейін Қырғызстанның өтпелі кезеңінің президенті болып ресми тағайындалды",- деді А. Сариев.

Алматы. 2-шілде. Kazakhstan Today Қырғызстаның Уақытша үкіметінің бастығы Роза Отунбаева 2011 жылға дейін Қырғызстанның өтпелі кезеңінің президенті болып ресми түрде тағайындалды, ал республикада жаңа конституция қабылданды. Бұл туралы ҚР сайлау және референдум жүргізуге байланысты Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Ақылбек Сариев мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ИТАР-ТАСС сілтеме жасай отырып.

"Референдум нәтижесі жария етілді, бұл жаңа конституция күшіне енді деген сөз. Отунбаева 2011 жылдың 31-желтоқсанына дейін Қырғызстанның өтпелі кезеңінің президенті болып ресми тағайындалды",- деді А. Сариев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны