03.07.2010, 13:51 3573

Отунбаева Қырғызстанның уақытша президенті лауазымына кірісті

Естеріңізге сала кетсек, Р. Отунбаева елдегі 2010 жылдың 7-сәуіріндегі оқиғадан кейін бұрынғы президент Құрманбек Бакиев өз орнынан түскеннен кейін елдің уақытша үкіметін басқарған болатын.

Алматы. 3-шілде. Kazakhstan Today Қырғызстанның астанасы Бішкекте Роза Отунбаева Қырғызстанның уақытша президенті лауазымына кірісті. Филармония ғимаратында өткен ресми салтанатты шарада Р. Отунбаева ант қабылдап, оған президенттік байрақ табыс етілді, мемлекеттік әнұран орындалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі "РосБизнесКонсалтинг" (РБК) РАА сілтеме жасай отырып.

Естеріңізге сала кетсек, Р. Отунбаева елдегі 2010 жылдың 7-сәуіріндегі оқиғадан кейін бұрынғы президент Құрманбек Бакиев өз орнынан түскеннен кейін елдің уақытша үкіметін басқарған болатын.

Р. Отунбаева 2010 жылдың 27-маусымында өткен референдумда өтпелі кезеңнің президентіне баламасыз үміткер ретінде ұсынылған болатын. Орталық сайлау орталығының ресми мәліметтеріне сүйенсек, дайыс берушілердің 90,55 пайызы қолдаған болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны