04.01.2008, 18:31 2959

Өзбекстан президенті Ислам Каримов 2 қаңтарда жоғары биліктегі кадрлерді ауыстыра бастады

Өзбекстан президенті Ислам Каримов 2 қаңтарда жоғары биліктегі кадрлерді ауыстыра бастады

Ташкент. 4 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Өзбекстан президенті Ислам Каримов 2 қаңтарда жоғары биліктегі кадрлерді ауыстыра бастады, деп хабарлайды агенттік Uzmetronom тәуелсіз басылымға сілтеме жасай отырып.

Тәуелсіз басылымның ақпараты бойынша, Өзбекстан премьер-министрінің бірінші орынбасары болып Рустам Азимов тағайындалды. Ол сондай-ақ, республиканық қаржы министрі, экономика және сыртқы экономикалық байланыстар жөніндегі кешенінің жетекшісі қызметін атқаруда.

Өзбекстан үкіметінің вице-премьері, бұдан бұрын жоғары және орта білім беру министрі болған Рустам Касымов отставкаға жіберілді. Оның орнын Р. Касымовтың орынбасары болған Азимжон Парпиев басты.

Өзбекстанда сондай-ақ, әділет министрі өзгертілді. Бұл орынға республиканың бас прокурорының орынбасары Равшан Мухитдинов тағайындалды. Үкіметте, сонымен бірге ақпараттық-сараптау департаментінің жаңа жетекшісі анықталды. Бұл қызметке бұрынғы өзбекстанның қаржы министрінің орынбасары болған С. Бекенов тағайындалды.

Желтоқсанның аяғында агенттік И. Каримовтың жаңа жылдан кейін республика үкіметінде жаңа ауыс-түйістер жасайтыны жөнінде ақпарат жариялаған болатын.

Агенттің тілшісінің "ақпарат көздері" бойынша, бүгінгі үкімет басшысы Шавкат Мирзийеев отставкаға жіберіліп, оның орнына Р. Азимов тағайындалады. Болашақта ол Каримовтың орнын басатын болады деген ақпарат таратылуда. "Қазір республикада ресейлік сценарийдің шығыс мәнерінде орындалуы талқылануда. Президент-премьер", -деді сарапшылар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны