07.09.2012, 13:07 3030

Өзбекстан президенті Қазақстанды аймақтағы тұрақтылықты нығайту жөніндегі жалпы қадамды әзірлеуге шақырды

Қазақстан мен Өзбекстан Орталық Азиядағы тұрақтылықты сақтау және нығайту жөнінде ортақ тәсілдер әзірлеуі тиіс, дейді президент Ислам Кәрімов.

Астана. 7-қыркүйек. Kazakhstan Today - Өзбекстан президенті Қазақстанды аймақтағы тұрақтылықты нығайту жөніндегі ортақ тәсілдер әзірлеуге шақырды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстан мен Өзбекстан Орталық Азиядағы тұрақтылықты сақтау және нығайту жөнінде ортақ тәсілдер әзірлеуі тиіс, дейді президент Ислам Кәрімов.

"Қарқынды түрде өзгеріп отырған жағдайды, Орталық Азия аймағындағы әлемдік ірі державалардың мүдделері әрдайым сәйкес келе бермейтінін, Ауғанстаннан алда бітімгер күштерді шығаруға байланысты қысым мен қарсы әрекеттердің біршама күшейгенін ескерсек, Қазақстан мен Өзбекстанның аймағымызда тұрақтылықты, игілікті, адамдардың тыныштығын сақтауға бағытталған ортақ тәсілдерін әзірлеу қазіргі кезеңде ерекше маңызға ие болуда", - деп И.Кәрімов бүгін Астанада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен келіссөздердің қорытындысы бойынша өткен қысқаша баспасөз мәслихатында атап көрсетті.

"Мұндай пікірді Өзбекстан мен Қазақстанның президенттері ғана ұстанып қоймай, көрші елдердің басшыларына да осындай ойлар келетініне сенімдімін", дейді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны