21.04.2008, 12:04 1199

Өзбекстан президенті ресми сапармен Қазақстанға келеді - ҚР СІМ

Өзбекстан президенті ресми сапармен Қазақстанға келеді - ҚР СІМ

Астана . 21 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Өзбекстан президенті Ислам Кәрімов ресми сапармен Қазақстанға келеді. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды Қазақстан Бүгін тілшісі.

Сапар сәуірдің 22-23 жұлдызына межеленген.

Е. Ашықбаевтың айтуынша, "сапар барысында саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық, сондай-ақ, өңірлік проблемалар саласындағы екі жақты ынтымақтастықты тереңдету жайын талқылау межеленген".

Ресми мәліметке сәйкес, екі ел арасындағы тауар айналымы 2007 жылы $1,4 млрд, 2006 жылы $703 млн болған.

"Бұл екі жақты тауар айналымының кейінгі екі жылда екі есе өскенін көрсетеді", - деді Е. Ашықбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны