24.06.2010, 12:00 2878

Өзбекстанда Қырғызстаннан келген босқындар үшін 2,5 млн жуық АҚШ доллары жиналып, 7,3 млн АҚШ доллары көлемінде көмек көрсетілген

Ақпарат көзінің хабарлауынша, Қырғызстаннан келген босқындарға көмек және қолдау көрсету мақсатында ашылған қайтарымсыз көмек есеп шотына бүгінгі күнге дейін 3,9 млрд сом көлемінде қаржы құйылған (2 млн 448 мың АҚШ доллары )

Алматы. 24-маусым. Kazakhstan Today Өзбекстанда Қырғызстаннан келген босқындар үшін 2,5 млн жуық АҚШ доллары жиналып, 7,3 млн АҚШ доллары көлемінде көмек көрсетілген. Бұл туралы кеше Өзбекстан үкіметі мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі "РосБизнесКонсалтинг" сілтеме жасай отырып.

Ақпарат көзінің хабарлауынша, Қырғызстаннан келген босқындарға көмек және қолдау көрсету мақсатында ашылған қайтарымсыз көмек есеп шотына бүгінгі күнге дейін 3,9 млрд сом көлемінде қаржы құйылған (2 млн 448 мың АҚШ доллары )

Бұрын хабарлағанымыздай, үстіміздегі жылдың 11-15 маусымы аралығында болған қайғылы оқиға салдарынан босып кеткен 100 мыңға жуық азамат елдің Андижан, Наманган және Ферган облыстарына орналастырылып, оларға көмек көрсетілген болатын.

Естеріңізге сала кетсек, Қырғызстанда маусымның 10-нан 11-не қараған түні қырғыздар мен өзбектер арасында ұлтаралық қақтығыстар туындаған болатын. Осыған байланысты Ош және Жалал-Абад облыстарында төтенше жағдай енгізілген болатын. Қазіргі уақытта ахуал тұрақталған. Қырғызстанның оңтүстігіндегі қанды оқиғадан қаза тапқандардың саны 251 адамға жеткен, 2,2 мыңға жуық адам дәрігерлердің көмегіне жүгінген. Кейбір мәліметтерге сүйенсек, қақтығыс салдарынан қаза тапқандар саны 2 мыңға дейін жетіп жығылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны