02.04.2010, 10:59 1428

Пәкістан Шанхай ынтымақтастығы ұйымының толыққанды мүшесі болуға ниет білдіруде

Пәкістан Шанхай ынтымақтастығы ұйымының толыққанды мүшесі болуға ниет білдіруде

Алматы. 2 сәуір. Kazakhstan Today - Пәкістан Шанхай ынтымақтастығы ұйымының толыққанды мүшесі болуға және осы ұйымның іс-қызметіне белсене араласуға ниет білдіруде, деп хабарлайды Kazakhstan Today Thaindian News басылымына сілтеме жасап. Басылым Пәкістан президенті Асиф Али Зардаридің осы жөніндегі сөзін келтірген.

Өзбекстан сыртқы істер министрі Владимир Норовпен әңгіме кезінде президент Зардари 2001 жылы Шанхайда құрылған халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ұйым - Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше болуға ниеттеніп отырғанын мәлімдеген.

"Пәкістан осы мәселе бойынша Өзбекстан тарапынан қолдау тапқысы келеді", -деді Асиф Али Зардари.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны