04.04.2012, 16:40 4079

Пәкістандағы жарылыстан алты адам қаза тапты

Бүгін Пәкістанның солтүстік-батысындағы Джамруд қаласында болған лаңкестік шабуылдан алты адам қаза тапты.

Астана. 4-сәуір. Kazakhstan Today - Пәкістандағы жарылыстан алты адам қаза тапты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бүгін Пәкістанның солтүстік-батысындағы Джамруд қаласында болған лаңкестік шабуылдан алты адам қаза тапты.

Тағы жеті адам жарақат алған. Ассошиейтед пресс агенттігінің хабарлауынша, жарылғыш зат көліктің ішіне қойылған екен. Қазір оқиға орнында тергеушілер жұмыс істеп жатыр. Изірге жарылыс үшін жауапкершілікті бірден-бір лаңкестік ұйым өз мойнына алған жоқ. Естеріңізге сала кетсек, ақпан айының соңында Пәкістанның солтүстік-батысындағы ,,әл-каеда,, жасақшылары белсенділік танытатын Бара қаласында бомба жарылысынан екі адам: бір әйел мен баласы қаза тапқан еді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны