09.10.2012, 14:54 3419

Парижде ЮНЕСКО атқарушы кеңесінің 190-шы сессиясының ресми ашылуына қазақстандық делегация қатысты

Сессияға қазақстандық делегацияны ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ҚР Ұлттық комиссиясының төрағасы Иманғали Тасмағамбетов бастап барды. Ағымдағы сессияның күн тәртібіне қырық тоғыз мәселе шығарылған.

Париж. 9-қазан. Kazakhstan Today - ЮНЕСКО-ның штаб-пәтері орналасқан Парижде ұйымның атқарушы кеңесінің 190-шы сессиясы ресми түрде ашылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Сессияға қазақстандық делегацияны ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ҚР Ұлттық комиссиясының төрағасы Иманғали Тасмағамбетов бастап барды. Ағымдағы сессияның күн тәртібіне қырық тоғыз мәселе шығарылған.

Пленарлық отырыс барысында кеңес мүшелері 2014-2021 жылдарға арналған ЮНЕСКО-ның орташа мерзімдік стратегиясы жобасы, 2014-2017 жылдарға арналған ұйымның бағдарламалары мен бюджеті жөнінде, сондай-ақ қаржылық-экономикалық дағдарыстың негізгі бағдарламаларға ықпалы туралы ұйымның бас директоры Ирина Бокованың баяндамаларын тыңдады.

Жалпы саяси пікірталас шеңберінде атқарушы кеңеске мүше-мемлекеттер бас директордың өз өкілеттігі саласында ЮНЕСКО-ның рөлін нығайтуға бағытталған ұйымды әрі қарай реформалау әрекеттеріне қолдау білдірді.

Қазақстандық делегация басшысы И.Тасмағамбетов өз сөзінде әлемнің 129 елінің арасында Қазақстан ЮНЕСКО-ның білім беруді дамыту индексі бойынша көшбасшылар қатарында екеніне тоқтала кетті. Ұлттық комиссия төрағасы сессия қатысушыларына ЮНЕСКО-ны реформалаудың жекелеген аспектілері бойынша қазақстандық тараптың көзқарасы жөнінде баяндады.

Сол күні И.Тасмағамбетов ЮНЕСКО-ның бас директоры Ирина Боковамен кездесті. И.Бокова биылғы жылдың мамыр айында өзінің Қазақстанға жасаған алғашқы ресми сапарына жоғары баға беріп, Президент Нұрсұлтан Назарбаевпен өткізген мазмұнды келіссөздері мен Илемдік және дәстүрлі дін көшбасшыларының IV съезінің жұмысына қатысуын атап өтті. Бас директор Қазақстан Үкіметіне ЮНЕСКО-ға қаржылық қолдау білдіргені үшін алғысын жеткізді. Жуырда Қазақстан ұйымның донорлық көмек жөніндегі төтенше қорына ерікті түрде қосымша 175 мың АҚШ доллары көлемінде қаржы бөлген болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны