19.09.2011, 17:40 3869

Парижде Қазақстан мен Франция президенттерінің кездесуі өтеді

Француз Республикасындағы жұмыс сапары аяқталғаннан кейін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 21-22 қыркүйек күндері Нью-Йоркте өтетін Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 66-сессиясына қатысу үшін АҚШ-қа аттанады.

Париж. 19-қыркүйек. Kazakhstan Today - Бүгін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Француз Республикасының Президенті Николя Саркозимен кездеседі., деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, кездесу Елисей сарайында өтеді. Оған қазақстандық тараптан Вице-премьер-Индустрия және жаңа технологиялар министрі Исет Исекешев, Президенттің көмекшісі Нұрлан Ермекбаев, Президенттің көмекшісі-Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Марат Тәжин, ҚР-нің Франциядағы елшісі Нұрлан Дәненов, Президенттің көмекшісі Бақыт Сұлтанов қатысады.

Француз Республикасындағы жұмыс сапары аяқталғаннан кейін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 21-22 қыркүйек күндері Нью-Йоркте өтетін Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 66-сессиясына қатысу үшін АҚШ-қа аттанады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны