15.04.2011, 17:50 5588

Парламент сенатының спикері болып Қайрат Мами сайланды

Парламент сенатының спикері болып Қайрат Мами сайланды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 15 - сәуір. Kazakhstan Today - Парламент сенатының спикері болып Қайрат Мами сайланды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың ұсынысымен ҚР Парламенті Сенатының төрағасы болып Қайрат Мәми сайланды.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабына сәйкес Елбасы ұсынған Сенат Төрағасының кандидатурасын палата депутаттары жасырын дауыс беру арқылы сайлайды. Сайлауға 44 сенатор қатысып, барлығы ҚР Парламенті Сенатының Төрағалығына ұсынылған Қайрат Мәмидің кандидатурасын жақтап, дауыс берген.

"Мен сіздерге адал болуға ант беремін. Мен еліміздің экономикасын дамытатын заңдардың қабылданып, дамуына барлық күш-жігерімді жұмсаймын",- деді Қ. Мами.

Естеріңізге сала кетсек, бүгін ҚР Парламент Сенатының жалпы отырысында Біріккен Ұлттар Ұйымының Женевадағы бөлімінің Бас директоры болып тағайындалуына байланысты Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы қызметінен босатылған болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны