12.05.2008, 17:36 2852

Парламент сенатының төрағасы басқарған қазақстандық делегация Израиль мемлекетінің құрылғанына 60 жыл толуына арналған шараларға қатысады

Парламент сенатының төрағасы басқарған қазақстандық делегация Израиль мемлекетінің құрылғанына 60 жыл толуына арналған шараларға қатысады

Астана. 12 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Парламент сенатының төрағасы басқарған қазақстандық делегация Израиль мемлекетінің құрылғанына 60 жыл толуына арналған шараларға қатысады, деп хабарлайды агенттік сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Парламент сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін ел президенті Нұрсұлтан Назарбавтың тапсырмасы бойынша Израиль мемлекетіне жүріп кетті, ол бастап барған қазақстандық делегация Израиль мемлекетінің құрылғанына 60 жыл толуына арналған шараларға қатысады",- деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Иерусалимде 12-15 мамырда болатын жиында Қазақстан сенатының басшысы "Жаһандық болашақ, еврей халқының келешегі және Израильдің келешегі" тақырыбы бойынша конференцияның ашылу салтанатына қатысады және "Ертеңгі күнгі жаһандық болашақ" атты жалпы сессиясында баяндама жасайды.

Хабарламаға сәйкес, шараға әлемнің әр елінен қазіргі және бұрынғы көрнекті саяси қайраткерлер - АҚШ, Франция, Украина, Грузия, Словения, Латвия, Хорватия, Албания, Польша, Буркина Фасо, Того, Тайланд, Моңғолияның президенттері, Венгрия премьер-министрі, Испания мен Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрлері Х.Аснар, КСРО-ның бұрынғы президенті М.Горбачев, Украинаның бұрынғы президенті Л.Кучма, Индонезияның бұрынғы президенті А.Вахид, АҚШ-тың бұрынғы мемлекеттік хатшысы Г.Киссинджер, ГФР-дің бұрынғы сыртқы істер министрі Й.Фишер, Дүниежүзілік экономикалық форумның президенті К.Шваб, сондай-ақ халықаралық сарапшылар қоғамдастығы мен қоғамдық институттардың, ғылыми және іскер орталардың өкілдері қатысады.

Илем қауіпсіздігі құрылысы, қазіргі дүние құрылысы ұстанымдарына ықпал ете алатын құндылықтардың жаһандық жүйесін белгілеу мәселелері бойынша бастамалардың іс жүзіндегі "лабораториясы" ретінде көрінетін конференция аясында жалпы отырыстар, пікірсайыс және пікірлесу тұрғысындағы сессиялар болады.

Сапар аясында Қ.Тоқаев Израиль срезиденті Шимон Переспен, Моңғолия срезиденті Н.Энхбаярмен, Кнессет төрағасы Далия Ицикпен, Сефардтың бас раввині Шломо Амармен кездесуі жоспарланған, деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны