25.04.2008, 16:31 3271

Парламент сенатының төрағасы БҰҰ Бас Ассамблеясының 62-сессиясының төрағасымен ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Парламент сенатының төрағасы БҰҰ Бас Ассамблеясының 62-сессиясының төрағасымен ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Астана. 25 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Парламент сенатының төрағасы Қасымжомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының 62-сессиясының төрағасы Срджан Кериммен кездесті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Кездесу барысында Қ. Тоқаев дүниежүзіндегі бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, терроризм және экстремизммен күрес, қарусыздану, адам құқықтары мен қоршаған ортаны қорғау, тұрақты даму бадарламаларын алға жылжыту істеріндегі Біріккен Ұлттар Ұйымының айрықша рөлін атап көрсете келе Қазақстанның халықаралық қатынастарды ұжымдық реттеу мен көпполярлы әлемдік құрылым қалыптастырудағы бағытталған Ұйым мақсаттарын қолдайтынын атап өтті. Бұл ретте ол Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың VII Еуразиялық медиа-форум қатысушылары алдында сөйлеген сөзін келтірді. "ХХІ ғасырда болашақты болжаудың қажеті жоқ. Оны құру керек. Болашақ жақсы немесе жаман бола алмайды. Біз оны қалай құрсақ, ол сондай болады".

БҰҰ жүйесін реформалау мәселесіне қатысты Қ. Тоқаев "заманның өзекті проблемаларына маңызды шешім шығаруда бұл ұйым қайталанбас және бірегей форум екенін және Қазақстан парламенті әлеуетті ұлғайту үшін, оның рөлі мен беделін арттыру үшін барлығын жасайтынын" атап өтті.

Бас ассамблеяның 62-сессиясының төрағасы С. Керим өз кезегінде Қазақстан Орта Азияның қарқынды дамып келе жатқан мемлекеттерінің бірі ретінде Бірікке Ұлттар Ұйымының бастамаларына белсенді түрде қолдау көрсетіп келе жатқанын айтты. Осыған байланысты С. Керим біздің еліміз халықаралық қауіпсіздік пен жаппай қырып-жою қаруларын таратпау режимін нығайтуға, өркениеттер диалогын дамытуға, Азияда сенім шараларын құруға, мыңжылдық мақсатарын табысты жүзеге асыруға іс жүзінде өз үлесін қосқанын атап көрсетті.

С. Керим депутаттар алдында сөйлеген сөзінде "ұлттар қоғамдастығы" жарғысының мақсаттары мен қағидаларына сәйкес Қазақстан ұсынған бастамалардың маңызына тоқталды. "Бұл адамзатты толғандыратын ауқымды мәселелердің барлығына жаңаша ойлау тәсілімен және икемді интернационалдық көзқараспен қарауды қажет ететін жаңа халықаралық қатынастар мәдениетін қалыптастыруға жасалған айқын қадам болып табылады", - деді С. Керим.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны