15.09.2008, 19:19 2755

Парламент сенатының төрағасы Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясы саяси комитетінің мүшесін қабылдады

Парламент сенатының төрағасы Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясы саяси комитетінің мүшесін қабылдады

Астана. 15 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Парламент сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясы саяси комитетінің Қазақстан жөніндегі баяндамашысы Тадеуш Ивиньскиді қабылдады, деп хабарлайды агенттік тілшісі сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, кездесуде Қазақстанның халықаралық демократиялық институттарға, оның ішінде Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясына бұдан былайғы ықпалдастығына байланысты ауқымды мәселелер талқыланды.

Біздің елімізде демократиялық үдерістерді одан әрі ілгерілету саласында парламентаралық институттардың өзара іс-қимыл мәселелеріне тоқтала келіп Қ.Тоқаев Қазақстан парламентінің ЕКПА жанында байқаушы мәртебесін алу жөніндегі Қазақстан өтінішін жүзеге асыруға бағытталған Саяси комитеттің арнайы тыңдауының оң қорытындысын атап өтті.

Демократия, заңның үстемдік етуі, адам құқы мен бостандығын құрметтеу секілді іргелі құндылықтарға сәйкес демократиялық жаңаруларды дамытуда беделді парламенттік арнаны пайдалану мүмкіндігі президент Н.Назарбаев бекіткен "Еуропаға апарар жол" мемлекеттік бағдарламасы бағыттарымен толықтырылатын болады.

"Біз өзара тиімді тығыз іс-қимыл мен ЕКПА, ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясы мен Еуропалық парламент желілері бойынша біздің жан-жақты үнқатысуымыздың аясындағы бағдарламаларымыз табысты жүзеге асырылады деп сенеміз" деп атап өтті Қ.Тоқаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны