27.02.2009, 17:59 3251

Парламент сенатының төрағасы Катар Мемлекеті мен Корея Республикасының елшілерін қабылдады

Парламент сенатының төрағасы Катар Мемлекеті мен Корея Республикасының елшілерін қабылдады

Астана. 27 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Парламент сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Катар Мемлекетінің Қазақстандағы елшісі Насер Рашид Мұхаммед Аль-Наимиді оның өтініші бойынша және біздің еліміздегі дипломаттық қызметін аяқтауына байланысты Корея Республикасының елшісі Ким Иль-Суды қабылдады, деп хабарлайды агенттік тілшісі сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қ.Тоқаев екіжақты қарым-қатынастардың даму деңгейіне қанағаттанғандық білдіріп, Сенат пен Консультативтік кеңес (Мәжіліс аш-Шура) арасындағы байланыстарды нығайтуға ықылас білдірді.

Төраға Катар Консультативтік кеңесінің басшысы Мұхаммед Бин Мүбарак Аль-Хулейфиді өзіне қолайлы кез-келген уақытта Қазақстанға келуге шақырды.

Дипломат өз кезегінде "елінің Қазақстандағы бірінші елшісі бола отырып, екі мемлекет арасындағы жан-жақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға бар күшін салатынын" атап өтті.

Төраға сондай-ақ Корея Республикасының елшісі Ким Иль-Суды біздің еліміздегі дипломаттық қызметін аяқтауына байланысты қабылдады.

Жоғарғы палатаның басшысы дипломатты табысты қызметі мен Қазақстан-Корея қарым-қатынастарын дамытуға қосқан қомақты үлесі үшін Ким Иль-Суға парламент сенатының Құрмет грамотасын табыс етті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны