05.09.2012, 12:14 3137

Парламент сенатының төрағасы НАТО Парламенттік Ассамблеясының төрағасымен келіссіөздер жүргізді

Кездесу барысында Қазақстан Парламенті мен НАТО ПА арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту мәселелері талқыланды.

Парламент Сенатының төрағасы Қайрат Мәми НАТО Парламенттік Ассамблеясының төрағасы Карл Ламерспен кездесті, деп хабарлады ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметі.

Кездесу барысында Қазақстан Парламенті мен НАТО ПА арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту мәселелері талқыланды.

- "Біздің еліміз НАТО-мен көп жоспарлы және әр тарапты ынтымақтастықты дамытуға ерекше маңыз береді", - деді Қ.Мәми және ол "қарулы күштерді және әскери құралымдарды НАТО стандарттары бойынша жаңғырту, қарусыздану жөніндегі бірлескен жобаларды жүзеге асыру, төтенше азаматтық жоспарлау әлеуетін нығайту саласында өзара іс-қимылдың табысты екенін" атап өтті.

Қ.Мәми "біздің еліміздің Ұйымға мүше мемлекеттермен ынтымақтастығын тереңдете түсуге ықпал ететін" Қазақстан Парламенті мен НАТО ПА арасындағы байланысты одан әрі нығайту жайында айтты.

Қазақстанның парламенттік делегациясы "байқаушы" мәртебесіне ие және НАТО парламенттік Ассамблеясының жыл сайынғы сессиялары мен Ұйым шараларына тұрақты түрде қатысып келеді.

Кездесу барысында Орталық Азиядағы қауіпсіздік жүйесін нығайту, Ауғанстандағы Қауіпсіздікке жәрдемдесудің халықаралық күштерінің іс-қимылы мәселелері бойынша пікір алмасылды.

- "Қазақстан Ауғанстандағы реформаларды іске асыруға барлық елдердің белсенді және ауқымды көмек көрсетуін жақтайды", - деді Қ.Мәми және ол арнайы білім беру бағдарламасы аясында Қазақстанда 5 жыл бойына 100 ауған студенті оқуға қабылданатынын, бұл мақсатқа 50 миллион доллар бөлінгенін атап өтті.

К.Ламерс "Ауғанстанды қалпына келтіру жөніндегі халықаралық күш-жігерге Қазақстанның үлесін" жоғары бағалады және ол "аймақтағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайтудағы біздің еліміздің рөлін" атап өтті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны