16.01.2012, 10:39 3726

Парламентке "Нұр Отан", "Ақ жол", Қазақстанның коммунистік халық партияларының депутаттары өтеді

"Алдын ала берілген мәліметтер бойынша, "Нұр Отан" Халықтық демократиялық партиясы- 80,74%, Қазақстан патриоттары партиясы- 0,89%, "Ақ жол" демократиялық партиясы- 7,46%, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы (ЖСДП) - 1,59%, Қазақстанның Коммунистік халық партиясы - 7,2%, "Ауыл" Қазақстан социал-демократиялық партиясы- 1,46%, "Иділет" демократиялық партиясы - 0,66% дауыс жинаған", - деп хабарлады Қуандық Тұрғанқұлов.

Астана. 16-қаңтар. Kazakhstan Today - Парламентке Нұр Отан, Ақ жол және ҚХКП партияларының депутаттары өтеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов мәлім етті.

"Облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссиясынан алынған алдын ала мәліметтерге сәйкес, ҚР Парламент Мәжілісі депутаттарының сайлауында сайлаушылардың дауысы төмендегідей үлгіде бөлінді: "Нұр Отан" Халықтық демократиялық партиясы- 80,74%, Қазақстан патриоттары партиясы- 0,89%, "Ақ жол" демократиялық партиясы- 7,46%, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы (ЖСДП) - 1,59%, Қазақстанның Коммунистік халық партиясы - 7,2%, "Ауыл" Қазақстан социал-демократиялық партиясы- 1,46%, "Иділет" демократиялық партиясы - 0,66%", - деп хабарлады Қуандық Тұрғанқұлов.

Изірге бұл алдын ала жасалған қорытынды, өйткені сайлау комиссияларының хаттамалары ОСК-ге бүгін түсе бастайды. Сайлау заңнамасымен оны жеткізуге екі күндік мерзім берілген.

Орталық сайлау комиссиясының аймақтық сайлау комиссиясы хаттамаларының негізіндегі соңғы қорытынды 22 қаңтардан кешіктірілмей шығарылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны