30.06.2008, 10:00 3484

Парламенттік дипломатия адамзаттың қазіргі проблемаларын шешуде жағымды роль атқара алады және солай болуға тиіс - Мәжіліс спикері

Парламенттік дипломатия адамзаттың қазіргі проблемаларын шешуде жағымды роль атқара алады және солай болуға тиіс - Мәжіліс спикері

Астана. 30 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Парламенттік дипломатия адамзаттың қазіргі проблемаларын шешуде жағымды роль атқара алады және солай болуға тиіс. Жексенбі күні ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясының 17-сессиясының пленарлық отырысының ашылуы барысында ҚР парламенті мәжілісінің төрағасы Аслан Мусин осындай ой айтты, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Қазір бізге нақты салалар бойынша диалогты дамыту әдістері бойынша ойлау қажет... Қазіргі қатерлердің жаһанданғаны соншалықты, ел үкіметтерінің оған жекелеп қарсы тұруы мүмкін болмай қалды. Сол себепті де мұндай парламенттік ынтымақтастық біз үшін аса маңызды", - деді А. Мусин.

"Мұндай жағдайда, парламенттік дипломатия адамзаттың қазіргі проблемаларын шешуде өзінің позитивті рөлін атқара алады және солай істеуі керек", - деп атап көрсетті ол. "Осы сессияның біздің елімізде өтіп отырғанының өзі еркін әлемнің шегін кеңейту бойынша ЕҚЫҰ саясатының ашықтығы мен бірізділігінің дәлелі", - деп атап көрсетті ҚР парламентінің төменгі палатасының спикері.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны