15.02.2012, 10:05 3335

"Павлодар" ИКК ҰҚ" АҚ мен "Ұлттық инновациялық қор" АҚ арасында венчурлық қор құру туралы меморандумға қол қойылды

Қордың инвестициялық саясаты Павлодардың арнайы экономикалық аймағында перспективалы жобаларды табуға және тартуға, оларды іске асыруға бағытталатын болады.

Павлодар. 15-ақпан. Kazakhstan Today - "Павлодар" ИКК ҰҚ" АҚ мен "Ұлттық инновациялық қор" АҚ арасында венчурлық қор құру туралы меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, қордың инвестициялық саясаты Павлодардың арнайы экономикалық аймағында перспективалы жобаларды табуға және тартуға, оларды іске асыруға бағытталатын болады.

Венчурлық қорды капитализациялаудың жалпы көлемі 3,2 млрд. теңгені құрайды, оның екі миллиардтан астамы серіктестерден және бір миллиарды жеке инвесторлардан түседі. Келешекте жеке инвестицияларды тарту жұмысы жалғастырылатын болады.

"Павлодар" Илеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы ҰҚ" АҚ 2011 жылдың маусым айында құрылған. Оның негізгі мақсаты Павлодар облысының экономикалық дамуына септігін тигізу болып табылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны