19.09.2012, 17:36 2801

Павлодарда Қазақстан мен Ресейдің инновация және өнеркәсіптік кооперация саласындағы өзара әрекеттестікті дамытуға арналған қазақстан-ресей бизнес-форумы ашылды - баспасөз баяны

Бизнес-форумның ресми ашылуына ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Қайрат Келімбетов, ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрі Исет Исекешев, РФ Сыртқы экономикалық банкі төрағасының орынбасары Александр Иванов, сондай-ақ Қазақстан мен Ресейдің Сауда-өнеркәсіп палаталырының басшылары қатысты.

Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының өңіраралық ынтымақтастығының ІХ форумы шеңберінде Павлодарда екі мемлекеттің өңірлері арасындағы инновация және өнеркәсіптік кооперация саласындағы өзара әрекеттестікті дамытуға арналған қазақстан-ресей бизнес-форумы өтті.

Бизнес-форумның ресми ашылуына ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Қайрат Келімбетов, ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрі Исет Исекешев, РФ Сыртқы экономикалық банкі төрағасының орынбасары Александр Иванов, сондай-ақ Қазақстан мен Ресейдің Сауда-өнеркәсіп палаталырының басшылары қатысты.

Ашылуда ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрі Исет Исекешев қазақстан-ресей сауда-экономикалық және инновациялық қарым-қатынастар күрт дамып келе жатқанын атап айтты. Өзара айналым көлемі 2011 жылы 23,8 млрд АҚШ долларын құраған. Ынтымақтастық жылдары ішінде Қазақстан экономикасына құйылған Ресей инвестициясы 5 млрд доллардан асқан. Сондай-ақ Қазақстан да Ресейге 1,8 млрд доллар инвестиция құйған.

Өз кезегінде, РФ Сыртқы экономикалық банкі төрағасының орынбасары Александр Иванов Екібастұз ГРЭС стратегиялық жобасын жүзеге асыру екі мемлекет үшін айырықша маңызды екенін баса айтты. "Біз Қазақстан Даму банкімен де тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеудеміз. Қазақстан мен Ресейдің экономикасын жаңғырту мен индустрияландырудағы біздің мақсаттарымыз ұқсас", - деді ол.

Форумдағы 450 астам делегат екі жақты іскер ынтымақтастықтың көкейкесті мәселелерін талқылады. Олардың қатарында - ортақ қаржылық нарықты құру, инновацияны дамытуға бірлескен жол іздеу т.б. бар.

Сондай-ақ, кеше Павлодарда "Қазақстан мен Ресейдің инновация мен өндірістік кооперация саласындағы өңіраралық бастамалары" атты халықаралық көрме ашылды. Оған 200-дей қазақстандық және ресейлік кәсіпорындар қатысты. Көрмеде қазақстан-ресей бірлесіп жүзеге асырылатын өндірістік жобалар көрсетілді.

Жалпы, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының өңіраралық ынтымақтастығының ІХ форумы шеңберінде екі елдің бизнес-құрылымдары арасында жалпы сомасы 2 млрд АҚШ доллары көлемінде бірқатар келісімшарттар жасалады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны