12.10.2009, 17:31 2880

Пекинде 14 қазанда ШЫҰ-ға мүше елдер үкімет басшыларының кезекті отырысы өтеді

Пекинде 14 қазанда ШЫҰ-ға мүше елдер үкімет басшыларының кезекті отырысы өтеді

Астана. 12 қазан. Kazakhstan Today - Пекинде 14 қазанда ШЫҰ-ға мүше елдер үкімет басшыларының кезекті отырысы өтеді. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Пекинде 14 қазанда ШЫҰ-ға мүше елдер үкімет басшыларының кезекті отырысы өтеді. Отырыс барысында үкімет басшылары жаһандық және аймақтық қауіп-қатерлердің ұшығуы, олардың ішінде әлемдік қаржы дағдарысы кезінде ШЫҰ мүше елдері арасындағы экономикалық және гуманитарлық серіктестікті нығайту мәселелерін қарастырып, ШЫҰ мүше елдері арасындағы көпжақты сауда экономикалық ынтымақтастық Бағдарламасын іске асыру жөніндегі Іс-шаралар Жоспарын орындаудағы Іскерлік кеңес пен ШЫҰ Банкаралық бірлестігінің ролі туралы пікір алмасады",- деді Е.Ашықбаев.

"Сонымен қатар, 2010 жылға арналған ШЫҰ бюджеті және Ұйымның тұрақты құрылымдарының ұйымдастырушылық және қаржылық жұмыстарына қатысты басқа да сұрақтар талқыланатын болады",- деді ресми өкіл.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны