15.10.2009, 16:38 3071

Пекинде Қазақстан - Қытай мұнай құбырының өткізу қабілетін жылына 20 млн тоннаға дейін ұлғайту жөніндегі келісімге қол қойылды

Пекинде Қазақстан - Қытай мұнай құбырының өткізу қабілетін жылына 20 млн тоннаға дейін ұлғайту жөніндегі келісімге қол қойылды

Астана. 15 қазан. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімов бүгін Қытай Халық Республикасы мемлекеттік кеңесінің премьері Вэнь Цзябаомен кездесті, деп хабарлайды Kazakhstan Today үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесуде екі жақты мүддені көздейтін мәселелер бойынша әңгіме өрбіді. Атап айтқанда, тараптар мұнай - газ саласындағы ынтымақтастық мәселесін талқылады.

Қазақстан - Қытай мұнай құбырының өткізу қабілетін жылына 10 млн тоннадан 20 млн тоннаға дейін ұлғайтуға, сондай - ақ, Бейнеу - Бозой газ құбырының 2-ші кезеңінің құрылысына қатысты Пекинде қабылданған нақты шешімдер мен қол қойылған келісімдерді талқылай отырып, В.Цзябао "Қазіргі таңда Қазақстан мен Қытайдың біздің қарым - қатынасымызда жасаған қадамы үлкен" екенін атап өтті.

"Мұнай - газ саласында ұзақ мерзімді екі жақты байланыстарды орнату - Қазақстан мен Қытай арасындағы өзара саяси түсіністіктің толық көрінісі", - деді ол.

Сондай - ақ, кездесу барысында шикізаттан басқа сектордағы, қаржы саласындағы жобаларды іске асырудың жай - күйі және шекаралас өзендерді тиімді пайдаланудың мәселелері талқыланды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны