07.08.2006, 16:43 3837

Пекинде Қытай мен онымен шекаралас елдер өкілдерінің шекара мәселесіне қатысты келіссөздері өтеді

АСТАНА. 7-тамыз. Kazakhstan Today. 10-13-тамыз аралығында Пекинде Қытай мен онымен шекаралас Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан елдерінің үкіметі өкілдерінің шекара мәселелерін реттеуге қатысты бірлескен отырысын өткізу межеленіп отыр. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің баспасөз хатшысы Ілияс Омаров құлағдар етті,- деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

І.Омаровтың айтуынша, Қазақстан өкілдерін мемлекеттік шекараны демаркациялау жөніндегі ҚР үкіметі өкілдерінің жетекшісі, ҚР СІМ-нің төтенше тапсырмалар жөніндегі елшісі Вячеслав Гиззатов басқарады.

"Кездесу барысында жекелеген учаскелерде мемлекеттік шекараны демаркациялау қорытындысы шығарылады деп күтілуде",- деді ҚР СІМ-нің өкілі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны