03.06.2008, 18:22 2920

Пекинде Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің сыртқы экономика мен сыртқы сауда мәселелері талқыланады

Пекинде Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің сыртқы экономика мен сыртқы сауда мәселелері талқыланады

Астана. 3 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Пекинде 3-5 маусымда Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің сыртқы экономика мен сыртқы сауда үшін жауапты жоғары лауазымды тұлғалар комиссиясының кезекті отырысы өтеді. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды Қазақстан Бүгін тілшісі.

Отырыс барысында ШЫҰ мемлекет басшылары мен үкімет басшыларының өткен жылғы отырыстарында қол жеткізген келісімдерді жүзеге асыру мәселелерін талқылау жоспарланған.

Сонымен қатар, ШЫҰ кәсіби кеңесі мен банкаралық бірлестігінің қызметі туралы және ШЫҰ мүше-мемлекеттерінің сыртқы экономика мен сыртқы сауда үшін жауапты министрлерінің отырысын дайындау туралы мәселелері де комиссия күн тәртібіне енгізілген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны