16.03.2012, 14:46 3184

Перуашев бірқатар қоғам қайраткерлерін Қазақстанның "Ақ жол" Демократиялық партиясының 10 жылдығымен құттықтады

Партия төрағасы А. Перуашев Қазақстанның тәуелсіздігін құру кезеңінде партияны құрушылар мен алғашқы басшыларын Қазақстанның "Ақ жол" Демократиялық партиясының 10 жылдығымен құттықтады,- деп жазады партияның баспасөз қызметінен.

Алматы. 16-наурыз. Kazakhstan Today - Перуашев бірқатар қоғам қайраткерлерін Қазақстанның "Ақ жол" Демократиялық партиясының 10 жылдығымен құттықтады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Партия төрағасы А. Перуашев Қазақстанның тәуелсіздігін құру кезеңінде партияны құрушылар мен алғашқы басшыларын Қазақстанның "Ақ жол" Демократиялық партиясының 10 жылдығымен құттықтады,- деп жазады партияның баспасөз қызметінен.

Б. Ибіловке, О. Жандосовқа, Л. Жулановаға және И. Бәйменовке жолданған құттықтау хатта "Қазақстанның "Ақ жол" Демократиялық партиясының 10 жылдығымен біздің құттықтауымызды қабыл алыңыздар!",- деп атап көрсетілген.

"Сіз тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуының жауапты кезеңінде партияның негізін қалаушылардың және бірінші басшыларының бірі болдыңыз, сол қызметіңізбен демократиялық құндылықтардың және қазіргі заманғы қазақстандық қоғам дәстүрінің қалыптасуына айтарлықтай жеке үлесіңізді қостыңыз.

"Ақ жол" партиясы - жас қоғамдық ұйымның сирек кездесетін мысалы, оның басшыларының әрқайсысы еліміздің жаңа тарихында жеке өзінің ізін және дара қолтаңбасын қалдырды.

Біздің партиямыздың тағдыры қиын болды, бірақ ол барлық сыннан өтіп, шыңдалды және нығая түсті, бұл сіздің де қажыр-қайратыңыздың нәтижесі.

Біз бүгінгі мейрамды Сізбен бөлісеміз, азаматтық ерлігіңіз және бүгінгі таңда "Ақ жол" партиясының базалық принциптерінің маңызды бөлігіне айналған көзқарасқа сеніміңіз үшін алғысымызды білдіреміз",- деп жазады партия төрағасы А.Перуашев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны