10.07.2012, 18:05 2615

Перуашев Қазақстандағы Еуропалық одақ өкілдігінің басшысын қабылдады

Бушез ханым "Ақ жол" партиясын парламент сайлауындағы жеңісімен құттықтады және Қазақстанда көппартиялы парламенттің және "Ақ жол" партиясы негізінде парламенттік оппозицияның қалыптасу жағдайын еуропалық елшіліктердің өте жағымды бағалайтындығын атап өтті. "Аталған жағдай Қазақстанның демократиялық процестердегі ілгерілеушілігінің айқын дәлелі" - деді Орелия Бушез.

Алматы. 10-шілде. Kazakhstan Today - 2012 жылғы 9 маусымда Қазақстанның "Ақ жол" Демократиялық партиясының төрағасы Азат Перуашев Қазақстандағы Еуропалық одақ өкілдігінің басшысы Орелия Бушезді қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бушез ханым "Ақ жол" партиясын парламент сайлауындағы жеңісімен құттықтады және Қазақстанда көппартиялы парламенттің және "Ақ жол" партиясы негізінде парламенттік оппозицияның қалыптасу жағдайын еуропалық елшіліктердің өте жағымды бағалайтындығын атап өтті. "Аталған жағдай Қазақстанның демократиялық процестердегі ілгерілеушілігінің айқын дәлелі" - деді Орелия Бушез.

Кездесу барысында тараптар саяси және экономикалық мәселелердің кең ауқымын талқылады.

Азат Перуашев Жаңаөзен оқиғасы және ондағы келтірілген күмәнді ақпарат бойынша Еуропарламенттің резолюциясын қабылдамайтындығын білдірді. "Еуропалық органдардың ресми құжаттарында байыпты дәлелдемелердің орнына осындай мәліметтердің пайдаланылуы оны тоғышарлық "қорқыныш" деңгейіне дейін жеткізеді. Полициямен жай халыққа қарсы қару қолдану фактісінің өзі біз үшін жан түршігерлік жағдай және бізге қоғамның біріккені қажет, ал күмәнді ақпарат керісінше әлеуметтік жікке бөлінушілікке алып келеді" - деп Азат Перуашев атап өтті.

Осындай наразылықтарды алып тастау үшін Орелия Бушез "Ақ жол" партиясына Еуропарламент депутаттарымен және еуропалық институттармен белсенді түрде ынтымақтасуды ұсынды және осындай өзара әріптестікті жолға қою үшін барынша көмек көрсетуге дайын екендігін білдірді.

Сондай-ақ тараптар бюджеттің атқарылуын және үкіметтің жұмысын парламенттік бақылау бойынша еуропалық елдердің тәжірибесін талқылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны