01.07.2011, 18:13 4622

Перуашев Нұр Отан партиясынан кетті

"Иә, шынымен де мен "Нұр Отан" партиясы құрамынан шығамын. Оған қатысты барлық түсініктемелер келесі аптада болда", - деді А. Перуашев.

Астана. 1-шілде. Kazakhstan Today - Перуашев Нұр Отан партиясынан кетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, "Атамекен" одағы" Қазақстан Ұлттық экономикалық палатасының төрағасы Азат Перуашев "Нұр Отан" партиясынан кететіндігін айтқан. Бұл жөнінде ол "BNews.kz" АА берген сұхбатында хабарлады.

"Иә, шынымен де мен "Нұр Отан" партиясы құрамынан шығамын. Оған қатысты барлық түсініктемелер келесі аптада болда", - деді А. Перуашев.

"Өз партиямды құру мәселе туралы да кейінірек айтамын. Оған қатысты арнайы баспасөз мәслихатын өткіземіз", - деп қосты А. Перуашев.

А. Перуашев 2006 жылдан бастап "Атамекен" одағы" ҚҰЭП төрағасы болып табылады. 1998 - 2006 жылдар аралығында Қазақстан Азаматтық партиясын басқарған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны