26.03.2007, 18:09 3193

Польша Республикасының президенті 28-наурызда Қазақстанға ресми сапармен келеді

АСТАНА. 26-наурыз. Kazakhstan Today. 28-30 наурыз аралығында Польша Республикасының президенті Лех Качыньский Қазақстанға ресми сапармен келеді. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Поляк президенті сапар барысында ел басшылығымен және Қазақстандағы поляк диаспораның өкілдерімен кездесу өткізеді. Сондай-ақ, сапар шеңберінде екі жақты құжаттарға қол қою жоспарлануда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны