17.05.2010, 18:25 3696

Премьер-министр Кәрім Мәсімов Беларусь Республикасына жұмыс сапарымен барады

Премьер-министр Кәрім Мәсімов Беларусь Республикасына жұмыс сапарымен барады

Астана. 17 мамыр. Kazakhstan Today - Премьер-министр Кәрім Мәсімов 19 және 20 мамырда Беларусь Республикасына жұмыс сапарымен барады. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Асқар Ибдірахманов құлағдар етті,- деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Сапар барысында екі мемлекеттің үкімет басшылары арасында шағын құрамдағы келіссөздер өткізу жоспарланған.

Сондай-ақ, Кәрім Мәсімов екіжақты іскерлік форумға қатысады. Оның шеңберінде сауда, энергетика, машина жасау, агроөндіріс, ғарыш және гуманитарлы ынтымақтастық салаларындағы беларус тарабы ұсынған және Қазақстанның индустриаландыру картасына енгізілген бірқатар бизнес жобалар талқылануы тиіс. Іскерлік форумға 130-дан астам қазақстандық кәсіпкер қатысады деп күтілуде.

Ал 21 мамырда премьер-министр Кәрім Мәсімов Санкт-Петербург қаласында өтетін ТМД үкімет басшылары кеңесінің кезекті отырысына қатысады.

Күн тәртібіндегі 19 мәселенің арасында Энергетика саласындағы ынтымақтастық концепциясын жүзеге асыру бойынша аса өзекті іс-шаралар жоспары, 2012 жылғы кезеңге дейінгі Мемлекетаралық радионавигациялық бағдарлама, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының 20-жылдығына арналған іс-шаралар жоспары және т.б бар.

Ұлттық нарықтарға тауар мен қызметті өзара ұсынуды көздейтін ақпараттық-маркетинг орталықтардың мемлекетаралық желісін құру туралы Келісім, Ортақ электроэнергетикалық нарықты қалыптастырудың кезеңдері туралы Хаттамаға қол қою жоспарланып отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны