13.07.2009, 17:02 2729

Президент қол қойған интернетке қатысты заңнамалық түзетулер Қазақстанның ЕҚЫҰ-ына төрағалығына әсерін тигізбейді - ҚР СІМ

Президент қол қойған интернетке қатысты заңнамалық түзетулер Қазақстанның ЕҚЫҰ-ына төрағалығына әсерін тигізбейді - ҚР СІМ

Астана. 13 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан президенті қол қойған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпараттық-коммуникациялық желілер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң Қазақстанның ЕҚЫҰ-ына төрағалығына әсерін тигізбейді. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев мәлімдеді,- деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

"Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық жасауына заң тікелей әсер етпейтіні сөзсіз. Бұл заңға қатысты түрлі көзқарастар бар, ал қазір заң қабылданған соң жаңаша жағдай қалыптасатыны сөзсіз", - деді Е. Ашықбаев.

"ҚР СІМ өз тарапынан біздің ЕҚЫҰ бойынша серіктестерімізге ағымдағы ахуал жайлы және бұл заңның қабылдануына қандай себеп болғаны жайлы түсініктеме беруге қажетті барлық шараны қолданатын болады", - деді ҚР СІМ-нің ресми өкілі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны