16.05.2007, 11:53 2714

Президент Конституциядан қоғамдық бірлестіктерді мемлекеттен қаржыландыруға тыйым салатын норманы алып тастауды ұсынады

АСТАНА. 16-мамыр. Kazakhstan Today. Президент Нұрсұлтан Назарбаев Конституциядан қоғамдық бірлестіктерді мемлекеттен қаржыландыруға тыйым салатын норманы алып тастауды ұсынады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі.

Бүгін парламент палаталарының бірлескен отырысында Конституциға енгізілетін өзгерістерді таныстырған мемлекет басшысы: "қоғамдық бірлестіктерді мемлекеттен қаржыландыруға тыйым салатын нормадан бас тарту ұсынылып отыр",- деді. "Бұл тыйым іс жүзінде мемлекетіміздің бұрынғы бір партиялы жүйеге қатысты көзқарасын білдірді және ол болашақта тоталитарлық билікке жол бермеуге бағытталды",- деді президент.

"Сол себепті қазір саяси партиялардың іс-қызметін жартылай республикалық бюджеттен қаржыландыруға бағытталған тәжірибелік тетіктерді ойластырған орынды",- деді Н.Назарбаев.

Сонымен бірге, мемлекет басшысының пікірінше, "саяси мақсат-мұраттарды шешуде басты құралға айналатын партиялық фракциялардың ролін көтеруге құқықтық негіз қалау қажет". "Болашақ үкімет басшысының кандидатурасы дәл осы фракциялардың отырыстарында талқыланатын болады. Депутаттардың қалай дауыс беретіндігін фракциялар айқындайды",- деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны