16.05.2007, 12:25 2965

Президент Конституцияға енгізілетін түзетулерді қабылдау тәртіптерін өзгертуді ұсынады

АСТАНА. 16-мамыр. Kazakhstan Today. Бүгін парламент палаталарының бірлескен отырысында мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Конституцияға енгізілетін түзетулерді қабылдау тәртіптерін өзгертуді ұсынды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Конституцияның тұрақтылығы мен мызғымастығын қамтамасыз ету үшін Конституцияға енгізілетін түзетулерді қабылдау тәртіптерін күрделілендіру ұсынылып отыр",- деді президент. Оның түсіндіруінше, "қазір Конституцияға енгізілетін түзетулерді референдумда қабылдау үшін дауыс берген азаматтардың жартысынан астамы ол үшін дауыс беруі қажет".

"Ендігі жерде тәртіпті өзгерту арқылы шешім қабылдау үшін облыстар мен республикалық маңызы бар қаладардағы тұрғындардың үштен екі бөлігінен астамы басым дауыс беруі қажеттігін белгілеу ұсынылып отыр",- деді ол.

"Кейінгі бірнеше жыл бойы ауқымды жұмыстардың атқарылуын және оларға депуттардың түгелдей дерлік қатысқанын, сондай-ақ, мен ұсынған заң жобасында мемлекеттік комиссияның ұсыныстарының 80 проценті қамтылғанын ескере отырып, "Қазақстан Республикасының конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасыносы аптаның ішінде қарауға негіз бар деп санаймын",- деді президент. "Конституцияға енгізілетін түзетулер қабылданғаннан кейін мен конституциялық нормаларды жүзеге асыруға бағытталған конституциялық заңдардың жобаларын сіздердің қарауларыңызға ұсынатын боламын",- деп қосты ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны