29.10.2007, 18:08 3077

Президент Нұрсұлтан Назарбаев Сирия Араб Республикасына мемлекеттік сапармен барады

Президент Нұрсұлтан Назарбаев Сирия Араб Республикасына мемлекеттік сапармен барады

Астана. 29 қазан. "Қазақстан Бүгін" - ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев 4-6 қараша аралығында Сирия Араб Республикасына мемлекеттік сапармен барады. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" тілшісі.

Сапар барысында Елбасының Сирия президенті Башар Асадпен, вице-президенті Фарук Шараамен және премьер-министрі Наджиб аль-Утримен жоспарланған келіссөздері барысында саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық салаларда екіжақты ынтымақтастықты дамыту жолдары қарастырылады.

Сондай-ақ сапар аясында ғұлама әл-Фараби зиратының басында тарихи-мәдени орталық пен мавзолейін салу жобасының тасын қалау, Сұлтан Бейбарстың мавзолейін қайта қалыпқа келтіру жобасының тұсаукесер рәсімдері өтеді. Аталған жобаларға Қазақстан Үкіметі қаржылық қолдау көрсетіп, 4,6 млн.АҚШ долларын бөліп отыр.

21 қазанда Қазақстан мен Сирия Араб Республикасы үкіметтері арасындағы Дамаск қаласындағы Абу Наср әл-Фарабидің тарихи-мәдени орталығының және кесенесінің құрылысын салудағы, Сұлтан Аз-Захер Бейбарс кесенесін қалпына келтірудегі ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды, деді елші.

Сонымен қатар сапар барысында басқа да екі жақты келісімдерге қол қою жоспарланып отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны