03.03.2011, 13:28 4640

Президенттік лауазымына күресті төрт үміткер жалғастыратын болады

ҚР ОСК наурыздың 2-нен 3-не қараған түні өткен кезекті отырысында ОСК төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов, ҚР президенттік лауазымына күресті төрт үміткер жалғастыратындығын және де олар үшін сайлау алды науқанның жаңа кезеңінің басталғандығын мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 3 - наурыз. Kazakhstan Today - ҚР ОСК наурыздың 2-нен 3-не қараған түні өткен кезекті отырысында ОСК төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов, ҚР президенттік лауазымына күресті төрт үміткер жалғастыратындығын және де олар үшін сайлау алды науқанның жаңа кезеңінің басталғандығын мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz. агенттігінің хабарлауынша, олар - "Нұр Отан" халықтық демократиялық партиясы ұсынған қазіргі Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев пен Қазақстанның коммунистік халықтық партиясының хатшысы Жамбыл Ахметбеков және Қазақстанның Патриоттар партиясы ұсынған Ғани Қасымов пен "Табиғат" экологиялық одағының төрағасы Мелс Елеусізов.

Бүгіннен бастап Президенттікке үміткерлер өздерінің сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын бастайды.

Орталық сайлау комиссиясы бейсенбіге қараған түні болған бас қосуында, үміткерлікке өзін-өзі ұсынушылар Сәлім Өтен, Гүлдана Тоқбаева, Серік Сапарғали, Жақсыбая Бәзілбаевты үміткерлікке тіркеуден бас тартты. "Қажетті құжаттарды алып келмеуіне байланысты тіркеуден алып тасталсын", - деп мәлім етті ОСК хатшысы Бахыт Мелдешев.

Оның айтуынша, "Желтоқсан" қозғалысының белсендісі Құрманғазы Рахметов Қазақстан президенттігі лауазымына үміткерлігінен өздігінен бас тартқан болатын.

Естеріңізге сала кетсекк, сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмыстары 1 сәуірге дейін жалғасады. Сондай-ақ, кезектен тыс ҚР президент сайлауы 3 сәуірде өтеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны