09.02.2011, 17:39 4494

Президенттікке үміткер М.Дуамбеков мемлекеттік тілден емтихан тапсыруда

Президенттікке үміткер М.Дуамбеков мемлекеттік тілден емтихан тапсыруда, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 9 - ақпан. Kazakhstan Today - Президенттікке үміткер М.Дуамбеков мемлекеттік тілден емтихан тапсыруда, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Мұсағали Дуамбеков Президенттікке кандидаттардың мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтау жөніндегі лингвистикалық комиссияға емтихан тапсыруда.

Естеріңізге сала кетейік, емтихан негізгі үш бағыт бойынша өтеді.

Бірінші талап бойынша, кандидат көлемі екі беттен аспайтын шығарма жазуы керек. Сондай-ақ үш беттен аспайтын мәтін оқып, көпшілік алдында 15 минуттан кем емес сөз сөйлеуі керек. "Мен қазақ мектебін бітірген адаммын. Өмір бойы қазақша сөйлеп келемін. Оның үстіне мемлекеттік қызметте жүргенде, министрдің кеңесшісі қызметін атқарып жүргенде қазақ тілінен баяндамалар дайындап жүрдім. Қорыта айтқанда, өзімді қазақ тілін жетік білетін адамдардың қатарындамын деп есептеймін",-дейді М.Дуамбеков.

Кандидаттың мемлекеттік тілді меңгеру сынынан өткен-өтпегендігін лингвистикалық комиссия өкілдері шешеді. Баршаға мәлім кеше лингвистикалық комиссияға емтихан тапсырған президенттікке кандидат Уәлихан Қайсаров комиссия сынынан өте алмады. Ал кандидат Сәлім Өтен лингвистикалық комиссияның отырысына келе алмай, Орталық сайлау комиссиясынан сынақ мерзімін кейінге шегеруді сұрады.

Бүгінде Орталық сайлау комиссиясында Президенттікке кандидат ретінде барлығы 3 адам тіркелген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны