02.03.2012, 15:43 4019

Путин Медведевтің неге РФ президенттігіне атын ұсынбағандығын түсіндірді

Премьер-министр, РФ президенттігіне үміткер Владимир Путин өзінің кандидатурасын елдің басты лауазымы президенттікке ұсынып отыр. Неге қазіргі президент Дмитрий Медведев өз кандидатурасын ұсынбады деген сауалға Путин "неге десеңіз, менің рейтингім қазіргі президенттен жоғары тұр" деп жауап берді.

Мәскеу. 2-наурыз. Kazakhstan Today - Путин Медведевтің неге РФ президенттігіне атын ұсынбағандығын түсіндірді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, премьер-министр, РФ президенттігіне үміткер Владимир Путин өзінің кандидатурасын елдің басты лауазымы президенттікке ұсынып отыр. Неге қазіргі президент Дмитрий Медведев өз кандидатурасын ұсынбады деген сауалға Путин "неге десеңіз, менің рейтингім қазіргі президенттен жоғары тұр" деп жауап берді. Бұл туралы ол шетелдік БАҚ бас редакторларымен болған кездесуі барысында мәлім етті.

"Белгілі болғанындай, төрт жыл бойы сіздерді құрметтеуші алдарыңызда отырған адамның рейтингісі Д.Медведевке қарағанда бірнеше есе жоғары болды. Біз бір партияның өкілі болғандықтан, мұндай жағдайда ынтымақтаса іс істеуміз қажет. Артық күш жұмсап, бірімізбен біріміз бәсекелескенше, жоғары лауазымға кімнің мүмкіндігі зор деген мәселені салиқалы да салмақты ой таразысына салып, нақты шешімге келдік. Ресей Федерациясының азаматтары кімге көпірек сенім білдіреді. Жеңіске деген кімнің үміті үлкен. Елді дамытуға, қалыптасқан оң бағытты одан әрі қарқынды жалғастыруға кім мүмкіндігі зор осыған байланысты шешім қабылданды", - деген Путиннің сөзін РБК келтіреді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны