15.06.2007, 18:35 3010

Путин Ресей мен Қазақстанның арасындағы Мемлекеттік орталық полигонды пайдалану шарттары туралы келісімге енгізілетін өзгертулерді бекітті

МИСКЕУ. 15-маусым. Kazakhstan Today. РФ президенті Владимир Путин "Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасының арасындағы 1995 жылдың 20-қаңтарындағы Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігінің 4-ші Мемлекеттік орталық полигонын (Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан нысандар мен әскери алаңдар) пайдалану тәртібі туралы келісімге өзгертулер мен толықтырулар енгізу жөніндегі хаттаманы бекіту туралы" Федералдық заңға қол қойды деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі РФ президентінің баспасөз қызметінің хабарламасына сілтеме жасай отырып.

Көрсетілген хаттамамен келісімге аталмыш полигонда жұмыс істеу және сынақ жүргізудің жаңа шарттарына, жер телімдерін онда орналасқан жылжитын және жылжымайтын мүліктерімен жалға беру және оларды падаланғаны үшін төлем ретіне қатысты, сонымен қатар жер телімдерінің жаңа координаттары мен Қазақстан Республикасынан жалға алып отырған нысандар мен мүліктердің жаңа тізіміне қатысты өзгерулер енгізіледі.

Аталмыш хаттаманың ережелерінде 4-ші Мемлекеттік орталық полигонды оған 10-шы және 11-ші Мемлекеттік сынақ полигондарын (Қазақстан Республикасының Сары-Шаған полигоны аумағында орналасқан әскери алаңдар) оның құрылымдық бөлімшелері ретінде қосу жолымен 4-ші Мемлекеттік орталық полигон ретінде қайта құру ескеріледі.

Хаттамамен қару-жарақ пен әскери техникалардың жаңа үлгілеріне сынақ жүргізу барысында 4-ші Мемлекеттік орталық полигонының жер телімдері мен ауа кеңістігін Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің 929-шы Мемлекеттік ұшу-сынақ мүддесіне пайдалану қарастырылады.

Сондай-ақ, хаттама ережелерімен 4-ші Мемлекеттік орталық түраралық полигонының мәртебесін анықтау тәртібі нақтыланады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны