20.09.2012, 10:53 2711

Ресей алдағы жылдары Қазақстанда толық циклды автомобиль зауытын ашуды жоспарлап отыр

ҚР президентінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей Президенті Владимир Путин Қазақстан мен Ресей өңіраралық ынтымақтастығы IX форумының пленарлық сессиясына қатысты.

Павлодар. 20-қыркүйек. Kazakhstan Today - Ресей алдағы жылдары Қазақстанда толық циклды автомобиль зауытын ашуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР президентінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей Президенті Владимир Путин Қазақстан мен Ресей өңіраралық ынтымақтастығы IX форумының пленарлық сессиясына қатысты.

Владимир Путин форум барысында машина жасау саласына ғылыми технологияны енгізу басымдық болып саналатынына тоқталды.

"Біз таяу жылдарда Қазақстанда толық циклды автомобиль зауытын ашуды жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар, біз азаматтық тікұшақтарды құрастыру жөнінде бірлескен кәсіпорындарды ұйымдастыруға мүдделіміз. Бүгін Ресей-Қазақстан қоры жұмыс жасайды. Бұл маңызды жоба және оны іске асыру біздің елдеріміз арасындағы өнеркәсіп кооперациясының ауқымын және сапасын арттыруға көмектеседі", - деп атап өтті РФ президенті Владимир Путин.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны