13.10.2006, 18:11 3097

Ресей елшісі Владимир Бабичевтің еліміздегі дипломатиялық миссиясы аяқталды

АСТАНА. 13-қазан. Kazakhstan Today. ҚР Сыртқы істер министрі Қасымжомарт Тоқаев еліміздегі дипломатиялық миссиясының аяқталуына байланысты бүгін Ресей Федерациясының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Владимир Бабичевты қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Мен бүгін ел басшылығымен осындағы іссапарым аяқталып, отаныма оралуға байланысты кездестім. Себеп тым көңілді емес",- деді елші.

В. Бабичев 2003 жылдың шілдесінен бері Қазақстанда елшілік қызметте болды.

Кездесуден кейін соңғы жылдарда Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым-қатынастың сапалы жаңа деңгейге көтерілгенін айтқан Елші, бұл ең алдымен сенімді және жолдастық байланыс орната білген екі ел президенттерінің еңбегі екенін атап өтті.

В. Бабичев қазіргі таңда Қазақстан мен Ресей арасында мемлекетаралық, үкіметаралық, ведомствоаралық деңгейде 300-ге жуық келісімдер мен шарттарға қол қойылғанын, соның негізінде екі жақты ынтымақтастық дамып отырғанын атап көрсетті. "Қарым-қатынастарымыздың алға жылжуына сөз жоқ біздің шекара бойындағы аумақтарымыз зор ықпал етуде. Мемлекеттердің қатысуынсыз аудандар мен аудандар, облыстар мен облыстар арасында бүгіндері тікелей 69 келісім-шарт жасалынды", - деді елші.

Оның сөзіне қарағанда, 2002 жылы екі ел арасындағы сауда айналымы 4 миллиард долларды құраса, бұл көрсеткіш жыл сайын 2 миллиард долларға өсіп отырған. Биыл сауда айналымы 12 миллиард долларға жететін болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны