14.10.2009, 10:31 1449

Ресей Федерациясының президенті Дмитрий Медведев 15 - 16 қазанда жұмыс сапарымен Қазақстанға келеді

Ресей Федерациясының президенті Дмитрий Медведев 15 - 16 қазанда жұмыс сапарымен Қазақстанға келеді

Алматы. 14 қазан. Kazakhstan Today - Ресей Федерациясының президенті Дмитрий Медведев 15 - 16 қазанда жұмыс сапарымен Қазақстанға келеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today РФ президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, " Ресей Федерациясының президенті Жамбыл облысында ҰҚШҰ Жедел әрекет етуші ұжымдық күштерінің қатысуымен кешенді оқу-жаттығулар өткізілетіндігіне байланысты Қазақстан Республикасына келмекші".

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Қазақстанда өтетін "Ықпалдастық- 2009" стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығуларының соңғы кезеңіне ҰҚШҰ мемлекет басшылары шақырылған. Бұл туралы 12 қазанда журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті.

"Жамбыл облысының Гвардия ауылындағы Мәтібұлақ полигонында 16 қазанда "Ықпалдастық- 2009" атты ҰҚШҰ-ның Ұжымдық жедел әрекет етуші күштерінің қатысуымен ортақ стратегиялық командалық-штабтық жаттығуларының соңғы кезеңі өтеді. Оған ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің басшылары қатысады",- деді ресми өкіл.

Е.Ашықбаевтың айтуынша, 2 қазанда басталған аталмыш жаттығулар бірыңғай әскери - саяси жағдайда өтетін топтық - штабтық жаттығулар кешенінен тұрады. Бірінші рет құрылған ЖИҰК ҰҚШҰ қолбасшылығы Жедел әрекет етуші ұжымдық күштерін қорғану операцияларында қолдануға бағытталған шешімдер қабылдайтын болады.

"ҰҚШҰ-ның бұл сынды жаттығулары ұйымның зор әлеует пен мүмкіндіктерге ие болғанын, әрі әскери-саяси ұйым ретінде нақты жағдайларда әртүрлі тапсырмаларды орындай алатындығын және аймақтағы бейбітшілік пен тұрақтылық кепілі болатындығын көрсетуге бағытталған",- деді ресми өкіл.

Өздеріңіз білетіндей, ЖИҰК құру туралы шешімді ҰҚШҰ елдері басшылары 2009 жылғы 4 ақпандағы Ұжымдық Қауіпсіздік Кеңесінің кезектен тыс сессиясы кезінде қабылдаған болатын.

"ЖИҰК құрудағы мақсат - терроризм, экстремизм және есірткі тасымалдау сияқты қалыптасқан қауіп қатерлер, техногенді және табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою, сонымен қатар халықаралық қауіпсіздікке ҰҚШҰ-ның тиімді үлес қосуын қамтамасыз ету болып табылады.

ЖИҰК құру ҰҚШҰ қауіпсіздік жүйесі әлеуетін көтеруге, қауіп қатерлерге тиімді әрі жедел қарсы әрекет етуге мүмкіндік бермек",- деді Е.Ашықбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны