30.12.2009, 17:30 3112

Ресей Федерациясының президенті Қазақстан Елбасын келе жатқан Жаңа жылмен құттықтады

Ресей Федерациясының президенті Қазақстан Елбасын келе жатқан Жаңа жылмен құттықтады

Алматы. 30 желтоқсан. Kazakhstan Today - Ресей Федерациясының президенті Дмитрий Медведев Қазақстан басшысы Нұрсұлтан Назарбаевты келе жатқан Жаңа жылмен құттықтады, деп хабарлайды Kazakhstan Today РФ президентінің ресми сайтындағы құттықтау мәтініне сілтеме жасап.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа жолдауында Дмитрий Медведев ресей-қазақстан қатынастары негізінде - "тарихи ортақтық, стратегиялық әріптестік, достық, тату көршілік пен өзара құрмет" жатқанына терең сенім білдірді.

"Біздің елдеріміз арасындағы ұдайы және сенімге негізделген байланыстарымыз, көпқырлы және өзара тиімді ынтымақтастық бұдан былай да Ресей мен Қазақстан халықтарының мүддесі үшін нығая түсетін болады. Бұл орайда Ресей, Қазақстан және Беларусь Кеден одағы ауқымындағы бірлескен белсенді жұмыстың басталуына айрықша үміт артамыз. Халықаралық сахнада, соның ішінде Сіздің елдің алдағы ЕҚЫҰ-ға төрағалығы ауқымында күш-жігерімізді алдағы уақытта да тығыз үйлестіріп отыруға дайынбыз", - делінген құттықтауда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны