14.04.2009, 17:56 3141

Ресей, Қазақстан мен Беларусьтің Кедендік одағы 2010 жылдың ортасына таман жұмыс істей бастауға тиіс - РБК

Ресей, Қазақстан мен Беларусьтің Кедендік одағы 2010 жылдың ортасына таман жұмыс істей бастауға тиіс - РБК

Алматы. 14 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Ресей, Қазақстан мен Беларусьтің Кедендік одағы 2010 жылдың ортасына таман жұмыс істей бастауға тиіс. Бұл туралы бүгін Мәскеуде Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың "Инвестициялар, жаңашылдықтар, интеграция" атты бизнес-форумы барысында Ресейдің Өнеркәсіпшілері мен кәсіпкерлері одағының президенті Александр Шохин мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі РБК агенттігіне сілтеме жасап.

"Ресей, Қазақстан мен Беларусьтің Кедендік одағы 2010 жылдың ортасына таман жұмыс істей бастауға тиіс. Бұл жолы оны құруға жай ғана кезекті әрекет жасалмауға тиіс", - деді А. Шохин. Оның айтуынша, бұл жерде одақ елдерінің Дүниежүзілік сауда ұйымына қарай ұмтылуы мен одақты құру арасындағы арақатынас жөніндегі жаңа сауал туындайды. "Ең таңдаулы нәтиже - Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелікке өту және ДСҰ құқығының базасында Кедендік одақты құру болар еді. Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелікке өту жөніндегі саяси шешім 2009 жылдың ортасында қабылдануға тиіс. Ал техникалық шешімдер жылдың аяғына дейін жүзеге асырылуға тиіс. Олай болмаған күнде Кедендік одақ оған мүше елдер Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелікке өтпей тұрып құрылады", -деді А.Шохин.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны