13.06.2012, 11:37 2768

Ресей мен Қазақстан азаматтары екі елдің аумағында 30 күн бойы тіркеусіз жүре алады

РФ Президенті В. Путиннің 2012 жылғы 7 маусымда елімізге ресми сапары барысында маңызды құжаттардың бірі - Қазақстан Республикасы азаматтарының Ресей Федерациясының аумағында және Ресей Федерациясы азаматтарының Қазақстан Республикасының аумағында болу тәртібі туралы келісімге қол қойылған болатын.

Астана. 13-маусым. Kazakhstan Today - Ресей мен Қазақстан азаматтары екі елдің аумағында 30 күн бойы тіркеусіз жүре алады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

РФ Президенті В. Путиннің 2012 жылғы 7 маусымда елімізге ресми сапары барысында маңызды құжаттардың бірі - Қазақстан Республикасы азаматтарының Ресей Федерациясының аумағында және Ресей Федерациясы азаматтарының Қазақстан Республикасының аумағында болу тәртібі туралы келісімге қол қойылған болатын.

Аталмыш Келісімге сәйкес екі елдің аумағында уақытша болатын Қазақстан мен Ресей азаматтары келетін тараптың құзыретті органдарында 30 күнге тіркеу (болатын орны бойынша есепке қоюдан) міндетінен босатылады, деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Алтай Ибибуллаев.

Осы Келісім қол қойылған күннен бастап уақытша қолданысқа енгізілді және тараптардың ратификациялық рәсімдерді орындағаны туралы дипломатиялық арналар бойынша соңғы хабарламаны алған күннен бастап күшіне енеді.

Аталған Келісімнің әзірлеушісі және оны одан әрі жүзеге асыратын жауапты орган ҚР Ішкі істер министрлігі болуына орай, Келісімнің күшіне ену және ережелерін іс жүзінде қолдану сауалдары бойынша осы ведомоствоға хабарласуға болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны