09.04.2010, 11:00 1416

Ресей мен Қазақстан президенттері телефон арқылы әңгімеде Қырғызстандағы ахуал жайлы талқылады

Ресей президенті қырғыз елінің аумағында орналасқан ресейлік азаматтардың отбасыларының, дипломатиялық өкілдіктер мен басқа да ресейлік шетелдік мекемелердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Қырғызстанға ресейлік әскери қызметкерлер тобын жіберу туралы бұған дейін ҰҚШҰ елдері мен басқа да серіктестерге жолданған ресми ақпаратты растады.

Алматы. 9 сәуір. Kazakhstan Today - Ресей президенті Дмитрий Медведев пен Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бейсенбі күні кешке телефон арқылы сөйлесіп, Қырғызстандағы ахуал жайлы талқылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today Ресей мемлекет басшысының ресми сайтына сілтеме жасап.

"Иңгіме барысында мемлекет басшылары Қырғызстандағы дағдарысты жағдайды талқылады. Тараптар көптеген адамдардың құрбан болуына және мемлекеттік және қоғамдық өмірдің барлық саласындағы жағдайдың күрт тұрақсыздануына әкелген елдегі өткір ішкі саяси жағдайға үлкен алаңдаушылық білдірді. Д.Медведев пен Н.Назарбаев, ЕҚЫҰ-ға (Қазақстан) және ТМД мен ҰҚШҰ-ына төрағалық етуші аймақтағы екі үлкен мемлекеттің президенттері ретінде, қантөгіс пен зомбылықтың барлық түрін тезірек тоқтату қажеттігін атап көрсетіп, Қырғызстанның барлық аумағындағы ахуалды тұрақтандыру керек екенін айтты",- делінген хабарламада.

"Ресей президенті сондай-ақ қырғыз елінің аумағында орналасқан ресейлік азаматтардың отбасыларының, дипломатиялық өкілдіктер мен басқа да ресейлік шетелдік мекемелердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Қырғызстанға ресейлік әскери қызметкерлер тобын жіберу туралы бұған дейін ҰҚШҰ елдері мен басқа да серіктестерге жолданған ресми ақпаратты растады",- деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, Н.Назарбаев Дмитрий Медведевті АҚШ-пен арада Стратегиялық шабуылдаушы қару-жарақтар туралы жаңа шартқа қол қойылуымен, тарихи оқиғамен құттықтады. Ресей президенті өз кезегінде Беларусь және Украина елдерімен қатар Стратегиялық шабуылдаушы қару-жарақтар туралы бұрынғы шартты жүзеге асыруға және жалпы стратегиялық тұрақтылықты қамтамасыз етуге өз үлесін қосқан Қазақстанның роліне жоғары баға берді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны