20.09.2012, 10:21 2129

Ресей мен Қазақстанның инновациялық жобаларына шағын және орта бизнес өкілдері де қосылуға тиіс

ҚР президентінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей Президенті Владимир Путин Қазақстан мен Ресей өңіраралық ынтымақтастығы IX форумының пленарлық сессиясына қатысты.

Павлодар. 20-қыркүйек. Kazakhstan Today - Ресей мен Қазақстанның инновациялық жобаларына шағын және орта бизнес өкілдері де қосылуға тиіс, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР президентінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей Президенті Владимир Путин Қазақстан мен Ресей өңіраралық ынтымақтастығы IX форумының пленарлық сессиясына қатысты.

"Бүгінде Ресей Федерациясында мұндай 5 шекаралас форум өтті. Осындай шараның іс жүзінде қайтарымы әр жыл сайын артып келе жатқанын атап өту қажет. Біз инновациялық жұмысқа тек ірі компаниялар ғана емес, сонымен бірге шағын және орта бизнес өкілдері қосылады деп есептеп отырмыз. Мамандардың бағалауы бойынша әлемдік экономиканың дамуында шағын және орта бизнес кәсіпорындары барлық инновациялық өнімдер мен қызмет көрсетуде 30-35 пайызға жетеді", - деп мәлім етті Владимир Путин форум барысында.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны